19 августа 2024


ШҚУ ӘСКЕРДЕ БОЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ГРАНТТАР ҰСЫНАДЫ

Университетте жалпы орта, техникалық, кәсіби және жоғары білімі бар, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтармен сұхбат өткізілді. Үміткерлер Педагогика жоғары мектебінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие бола алады. Мұндай тәжірибе ЖОО-да екінші жыл қатарынан қолға алынған. Төрт үміткермен сұхбат өткізу үшін ПЖМ деканы Гүлнар Куленованың басшылығымен комиссия құрылды.


— Сұхбат барысында жігіттер әскери қызметтерін растайтын сертификаттарын ұсынды. Сондай-ақ олар біздің университетке түсу мақсаттарымен, өз жетістіктерімен бөлісті. Енді олар 100% жеңілдікпен түсуге мүмкіндік алды, — деді Қабанбай батыр атындағы Әскери кафедра бастығы Александр Керенцев.


Айта кетейік, жауынгерлік дайындықта үздік нәтиже көрсеткен азаматтарға университет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі. Әскери бөлімдердің командирлері сарбаздардың жетістіктерін «Срочник 2.0» онлайн-платформасында тіркейді.