20 августа 2024


АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ НЕМЕСЕ УНИВЕРСИТЕТТЕ БЕЙІМДЕЛУГЕ ҚАТЫСТЫ ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ

Университеттегі өмірге сәтті бейімделу белсенді іс-әрекеттің, тиімді оқытудың және жеке өсудің негізі саналады. Бұл процесс қызықты да, күрделі де болуы мүмкін. С. Аманжолов атындағы ШҚУ психологтары бейімделудің негізі студенттердің әлеуметтік интеграциясында жатқанын атап өтті. Клубтарға, шығармашылық топтарға немесе спорттық командаларға қосылу жаңа достар табуға ғана емес, сонымен қатар ой-өрісті кеңейтуге де көмектеседі. Кітапхана, зертханалар, практикалық психология орталығы және академиялық кеңес беру сияқты университет ресурстарымен танысу қажет.


Сонымен қатар, мамандар бірге оқитын студенттермен жақын танысып, олардың есімдерін тезірек есте сақтауға тырысқан абзал, дейді.


-ЖОО-да оқу – даму мен үйрену уақыты. Жаңа дарындардың жолын ашу кезеңі. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысқан дұрыс. Ортақ қызығушылық бар жаңа достар табыңыз. Кез келген уақытта жалғыз емес екеніңізді есте ұстаңыз. Бәрі де өзіңіздей жастар. Ортақ дүние көп, — дейді бірінші курс студенттеріне үндеу жасаған психолог Айым Кенжебаева.


Кез-келген бейімделу уақытты қажет ететінін ескеріңіз. Шыдамдылық пен жаңа тәжірибеге ашықтық сіздің студенттік өміріңіздің сәтті басталуының кепілі бола алады.