21 августа 2024


БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

Бірінші курс студенттері үшін маңызды кезең басталады. 26 тамыздан бастап бейімделу апталығы басталады. Бұл уақыт университеттің инфрақұрылымымен және оның ішкі процестерімен танысуға бағытталған.

— 26-27 тамызда оқу процесін ұйымдастыруды түсіндіру үшін декандармен және кураторлармен кездесу өтеді.
— 27-30 тамызда оқу пәндеріне тіркелу және жеке оқу жоспарларын қалыптастыру жүзеге асады.
— 28 тамызда бірінші курс студенттері оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базамен танысады.
29 тамызда «Amanzholov University — прогрессивті университет» тақырыбында ашық дәріс өтеді.
30 тамызда ҚР Конституциясы күніне арналған іс-шара жоспарланған. Сол күні студенттерге Өскемен қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылады.