21 августа 2024


ЦИФРЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті әлемдік цифрландыру трендтеріне ілесіп, білім беру процесін трансформациялау үшін заманауи технологияларды енгізуде. Атап айтқанда, деректерді сақтау және бөлісу үшін “бұлттық” есептеу, сауалнамалар мен тесттер өткізу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, Big Data, виртуалды шындық және робототехника. Аталған құралдар келесі оқу жылында инновациялық білім беру бағдарламаларын оқыту барысында қолданылатын болады. Бірқатар білім беру бағдарламалары еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, прогрессивті білім беру моделіне негізделген.


Сонымен қатар, ШҚУ-да «Балаға ерте жастан қолдау көрсету педагогикасы» және «Эргопедагогика» мамандықтары енгізілген. Олардың өзектілігі статистикамен расталады. Бүгінгі таңда Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 160 000-ға жуық бала бар. Олардың 10%-дан астамы Шығыс Қазақстан облысында тұрады.


Айта кетейік, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жаңа заманның талаптарына бейімделіп қана қоймай, отандық білім берудегі қазіргі міндеттерді шешу бойынша көшбасшы.