23 августа 2024


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі» республикалық дөңгелек үстелі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті 2024 жылдың 26 тамызында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл формалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мәселелері қарастырылады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы Башимов Марат Советұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Башев Талғат Мамырбекұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер, Amanzholov University өкілдері қатысады.

Өткізу күні: 26.08.24 ж.
Өткізу уақыты: 16:00
Өтетін орны: Қазақстан көшесі 55, №5 оқу ғимараты, 1 қабат, № 106 аудитория.
Байланыс: Байркенова Гүлмира Төлеубекқызы, тел. 87773477808