26 августа 2024


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖАРИЯЛАНДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша департаменті мен университеттің құқықтану кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдерін талқылау. Қатысушылар қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев, депутаттар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар, сондай-ақ Amanzholov University студенттері мен оқытушылары болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысу формалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.


-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді жүйесін құруға азаматтық қоғамның барлық құрамдас бөліктері: жеке сектор, қоғамдық ұйымдар, діни қайраткерлер, баспасөз, кәсіби ұйымдар және, әрине, қарапайым азаматтар мүдделі болуы керек, — деп атап өтті Марат Башимов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның қатысуын кеңейту мақсатында 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасын бастады.

2,6 мыңнан астам еріктілер бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне және өңірлердегі проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға, әлеуметтік роликтерді жасауға және т.б. қатысуда. Еріктілердің жұмысы арқасында үш миллиард теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алулардың бағасын көтерудің алдын алынды.

-ШҚУ-да да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді және жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл қызметтің негізгі бағыты білім алушылар мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады, — деді стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бірқатар практикалық шараларын ұсынды. Атап айтқанда, арнайы мобильді қосымшаны жасау, комплаенс-офицерлердің біліктілігін міндетті түрде арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыру.