26 августа 2024
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТРЕНИНГ
ШҚУ базасында «AMANAT» партиясының «қарызсыз қоғам» білім беру жобасын кеңейту жөніндегі «Жол картасын» іске асыру аясында мектеп оқушылары мен студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тренинг өтті. Тыңдаушылар арасында ШҚО және Абай облысындағы жоғары оқу орындарының 28 оқытушысы болды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасын кеңейтуді тапсырған болатын.
–Бүгінде біздің халқымыз несие мен бөліп төлеу түріндегі ұсыныстарға жиі құмартып жатады, сондықтан мемлекет бұл жағдайды бақылауға алуы қажет. Біз қаржылық сауаттылықты мектепке дейінгі мекемелерден, мектептер мен жоғары оқу орындарынан бастап оқытуға бел будық, – деп түсіндірді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нүркенов.
Іс-шараның спикерлері сертификатталған жаттықтырушылар Динара Мамырбекова мен Әлия Ибраева болды. Тренинг барысында қатысушыларға жеке қаржыға ұқыпты қарау ережелері түсіндіріліп, пайыздарды капиталдандырудың артықшылықтары туралы айтылды.
Айта кетсек, 2023 жылы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың қаржылық сауаттылығының негізгі көрсеткіштерін зерттеу жүргізген болатын. Сауалнама 18 жастан 63 жасқа дейінгі жас топтары арасында өткізілді. Сол кезде қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық индексі 40,5%-ды құраған.