28 августа 2024


ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – БАЙЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Шығыс Қазақстан университетінде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының жоғары оқу орындарының 28 оқытушысына арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренингтің екінші күні өтті.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын кеңейту жөніндегі «Жол картасын» іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Спикер ретінде «Freedom Finance Life» компаниясының жинақтаушы сақтандыру бойынша аймақтық директоры Менсара Досымбаева сөз сөйледі.

–Осы салада көп жылдар бойы жұмыс істей отырып, адамдардың басым бөлігі кеңес пен осындай тренингтерге мұқтаж екенін түсінемін. Қазіргі уақытта қаржылық сауаттылықтың негіздерін түсіну ерекше маңызды, – деді Менсара Досымбаева.

Спикер өз сөзінде практикалық ұсыныстармен бөлісті. Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қаржылық ресурстарын басқаруға дайын қаржылық сауатты ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.