29 августа 2024


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің жоспарлы отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар сегіз өзекті мәселені талқылады. Атап айтқанда, университеттің жаңа оқу жылына дайындығы, қабылдау комиссиясының қызметі, педагогикалық мамандықтардың бітіруші курстарының студенттері үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы, түлектерді жұмысқа орналастыру, «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнін енгізу, жұмыс оқу бағдарламаларын бекіту, профессорлық-оқытушылық құрамының оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерін жариялауға ұсыну.

Отырыс соңында «қауымдастырылған профессор»ғылыми атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне аға ғылыми қызметкер Тілек Қуанышбековтің кандидатурасы ұсынылды.