4 сентября 2024


ШҚУ РЕКТОРЫ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстік Корея, Тәжікстан және Венгрия университеттерімен халықаралық келісімдер аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Сотим Улугзоде атындағы Тәжікстан халықаралық шет тілдері университетінен 19 студент, Венгрияның Сегед университетінен екі студент және Оңтүстік Кореяның Ұлттық Кенсан университетінен екі студент келді.

 

 —Бүгін  шетелдік студенттермен жеке кездесіп, олармен әңгімелестім. Мұндай тәжірибе студенттер үшін өте құнды. Бұл-жаңа достар табу, жаңа білім мен дағдылар алу, халқымыздың тілімен, мәдениетімен және тарихымен танысу мүмкіндігі, —дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

 

Оқу жылы бойы студенттер Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» бағдарламалары бойынша білім алады. Оқу және студенттік үйлерде тұру олар үшін тегін болады.