16 сентября 2024
ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ АЭС ҚҰРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕНЬОР-ЛЕКТОРЫ
Президент таза атом энергия көзін табу және қауіпсіздік мәселесін геосаяси тұрғыдан емес, ел қажеттігін өтеу мақсатында қарастырып жатыр.
Жеке өз басым, қалдықтарды қайта өңдеу мен қауіпсіздік мәселесін шешіп алсақ, АЭС салу болашақ энергия жүйесін құруда маңызды рөл атқарады деп есептеймін.
АЭС құрылысын бастамас бұрын қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алу керек. Атом электр стансасын (АЭС) құрудың тиімді тұстарымен қатар, кемшіл тұстары да бар. Қауіпсіздік талаптары мен қалдықтарды басқаруды қатаң сақтай отырып тұрақты энергия көзін салуды қолдаймын.
Мен байқаған артықшылықтар:
1. Көмірқышқыл қалдығының азаюы: Қазба энергия көздерімен салыстырғанда АЭС көмірқышқыл қалдығын өте аз көлемде бөледі. Біз көміртегі мөлшерін азайтуды көздеп отырғандықтан, ғаламдық жылыну барысында да өте маңызды.
2. Энергия қорының тұрақтылығы: АЭС тұрақты әрі үзіліссіз энергия қорымен қамтамасыз ететіндіктен, ауа райына тәуелді күн, жел сияқты тұрақсыз энергия көздеріне қарағанда, инфрақұрылым мен экономиканы қолдау үшін аса маңызды.
3. Энергия тиімділігі: АЭС белгілі бір аумаққа ғана ауқымды энергия көзін өндіре алады. Бұл электрэнергиясына сұраныстың өсуі кезінде өте тиімді.
Есепке алатын кемшіл тұстары: Қоғам алаңдаушылығы: АЭС жөнінде әлеуметтік және экологиялық қауіп тұрғындардың наразылығы мен қарсылығына әкелуі мүмкін. Бұл алаңдаушылықты бақылауға алып, салдарын азайтуға тырысу қажет.
Сондай-ақ АЭС жаңартылған энергия көздерін дамытуда ауқымды энергия стратегияларының бір бөлшегі болуы тиіс. Бұл теңдестірілген және тұрақты энергетикалық жүйе құруға мүмкіндік береді. Бір энергия көзіне ғана тәуелді емес, сұраныс пен технологияның дамуына икемделе алатын энергетикалық жүйе бола алады.
Физика және технология кафедрасының сеньор-лекторы:
Қабдыкенова Еркежан Мұратқызы