17 сентября 2024
«ПӘНДІК МАМАНДАНДЫРЫЛМАҒАН МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ» ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Өскемен қаласы 16-17 қазан 2024 жыл
6В013 – «ПӘНДІК МАМАНДАНДЫРЫЛМАҒАН МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ»
ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2024 жылдың 16-17 қазанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ университетінде 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша өткізілетін «Болашақ табысты ұстаз — ұлт кепілі» атты ХV республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.
Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша күндізігі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары қатыса алады.
Команда құрамы – 4 білім алушыдан тұрады. Олимпиадаға қатысушыларда өздерімен бірге жеке куәліктері болуы тиіс. Команда жетекшісі болуы міндетті.
«ТАБЫСТЫ БОЛАШАҚ ҰСТАЗ-ҰЛТ КЕПІЛІ» АТТЫ ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ
ХV Республикалық пәндік олимпиада төрт кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Мұғалім оқушыны табысқа жетелейді» атты командалардың таныстырылуы. Командаларға болашақ бастауыш сынып мұғалімі мамандығының маңызын ашуы, креативті жеткізуі, команданың бірлесіп ортақ мәселенің шешімін табуға деген әлеуеттік мүмкіндіктері анықталады (5 минут).
Ескерту: Таныстырлымның дәстүрлі үлгілеріне қарағанда (өлең, ән-күй, би), жаңа форматтары құпталады.
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
— бастауыш сынып мұғалімі мамандығының маңызын ашу — 3 ұпай;
— таныстырылымның тақырыпқа сәйкестігі — 3 ұпай;
— қатысушылардың сөйлеу мәдениеті — 3 ұпай;
— креативтілігі — 3 ұпай;
— регламентті сақтауы — 3 ұпай.
Ең жоғары баға — 15 ұпай.
2-кезең. «5 минутта жаса». Команда мүшелеріне қалдық заттар беріледі. Сол қалдық заттардан сабақ барысында қолдануға тиімді көрнекілік әзірлеп, оны сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатынын түсіндіреді. (5 минут), (команда мүшелерінің бірлесе жұмысты ұйымдастыра білуі оның нәтижесін көрсетуі). Ескерту командадан екі қатысушы орындайды.
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
— тапқырлығы — (3 ұпай);
— шығармашылығы — (3 ұпай);
— шапшаңдығы, тез ұйымдастыра білуі — (3 ұпай);
Ең жоғары баға – 9 ұпай.
«Күш білімде» теориялық сайысы
2 курс үшін
- Педагогика;
- Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
3 курс үшін
- Педагогика;
Математиканы оқыту әдістемесі бойынша тест. (Тест ұзақтығы — 40 минут) (командадан екі қатысушы қатысады)
МАҚСАТЫ: Пәндер бойынша теориялық білімдерін тест тапсырмалары арқылы дәлелдеу.
Ескерту:
— тест сұрақтарының саны — 30;
— тестілеу уақыты — 40 минут;
— әр командадан 2 қатысушы;
— жалпы командалық ұпай команданың барлық қатысушыларының жеке жетістіктері арасындағы арифметикалық орташа мәнді есептеу арқылы анықталады.
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
— әрбір дұрыс жауап үшін — 1 ұпай;
Ең жоғары баға – 40 ұпай.
3 кезең. «Оқимын, талдаймын» Командаларға оқу сауаттылығына бағытталған бірдей мәтін беріледі, қатысушылар мәтінге Блум таксономиясына сәйкес тапсырма құрайды (15 минут).
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
- стандартты емес мәтінмен жұмыс істей білуі — 3 ұпай;
- ақпаратты көре білуі — 3 ұпай;
- Блум таксономиясына сәйкес тапсырмаларды құрай білуі -3
Ең жоғары баға – 9 ұпай.
4 кезең «Педагогикалық симфония» практикалық сайысы (үй тапсырмасы, бейнесабақ)
Болашақ педагогтердің пәндік білімдерінің сапасын анықтауға, олардың педагогикалық іс-әрекетіне қажетті кәсіби тұлғалық әлеуеттерін жетілдіруге, командалық жұмыста өз-өздерін танытуына, ізденістік қабілеттерін шыңдауға, дарынды және қабілетті білім алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған шығармашылық сайыстың ұйымдастырылып өтуі. Мемлекеттік стандарт талаптары бойынша оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастырудағы кәсіби дайындықтарын танытуы.
Білім алушылар сабақтың бейне жазбасын ұйымдастыру комитетіне 2024 жылдың қазанның 8-не дейін жолдау қажет. (15 минут).
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
- сабақтың (тақырыбы мен мазмұнының белгіленген уақыттағы жоспарға сәйкес келуі) — 3 ұпай.
- білім беруге енгізіліп жатқан жаңа әдістер мен тәсілдердің көрініс табуы — 3 ұпай.
- оқыту мақсаттарының оқу бағдарламасына сәйкестігі — 3 ұпай.
- оқушының оқу жетістіктерін бағалау, кері байланыс, рефлексия — 3 ұпай.
Ең жоғары баға – 12 ұпай.
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
ХV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға өтінім мен үй тапсырмасын 2024 жылғы 8 қазанға дейін төменде көрсетілген электрондық поштаға olimp_2024@mail.ru жіберу қажет.
Мекен-жайы: Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан көшесі, 55. Байланыс телефондары: 87715406080, 87077013688
Жауапты тұлғалар:
- PhD, кафедра меңгерушісі Есполова Гульден Калиолдановна
- магистр, сениор-лектор Макшиева Гульмира Курманбаевна
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін төмендегі құжаттардың болуы тиіс:
- олимпиадаға қатысу өтініші (үлгі бойынша )
- қатысушының жеке куәлігі
«6В013– «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары білім алушыларының
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтетін
Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы
ӨТІНІМ
- Қатысушылардың Т.А.Ә. (курс, БББ) ______________________________________
- Топ жетекшісі (ғылыми дәрежесі, жұмыс орны) __________________________________
- ЖОО атауы _________________________________________________________________
- Мекен-жайы, телефоны, эл.поштасы ______________________________________________
- Оқыту тілі __________________________________________________________________
- ЖОО (толық атауы) ____________________________________________________________
- Мекен-жайы __________________________________________________________________
- Байланыс телефоны____________________________________________________________
- e-mail________________________________________________________________________
Келу күні_______________________________________________________________________
Кету күні _______________________________________________________________________
Топ жетекшісінің Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны, e-mail
ЖОО басшысы ________________________________
Мөрі қолы
Шығармашылық шабыт тілей отырып, олимпиадаға белсене қатысады деген сенімдеміз!
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ