17 сентября 2024
ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ БОЙЫНША ПІКІР
Электр энергиясы ол мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші екендігін ескерсек, Қазақстанда АЭС салу идеясы орынды деп санаймын. Сонымен бірге АЭС салу ел тәуелсіздігінің тағы бір көрсеткіші болары сөзсіз. Күн санап артқан адам саны және жаңа бизнес ошақтары электр энергиясына деген сұранысты арттырады. Сол себепті электр энергиясының тапшылығы қаупі төнеді. Оны түбегейлі шешу АЭС салу болмақ.
Атом энергетикасы саласы Қазақстанда жоғары деңгейде дамыған деп есептеймін. Себебі Ұлттық ядролық орталық және сол сияқты өзге де институттар қызметін айта аламыз. Кеңес одағынан қалған негізгі ресурстар да жеткілікті. Уран қоры бойынша алдыңғы орында және сол сияқты факторлар АЭС салуға толық мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді.
Ел болашағының жарқын әрі баянды болуы ол — электр энергиясы тәуелсіздігі десек, онда АЭС салу жобасына қолдау білдіру қажет деп санаймын.
Далабаев Тлеубек
Физика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕ АҚ 8D01502 – «Физика» ББ бойынша (PhD) докторант, ҚазПҒА мүшесі