18 сентября 2024


МАЛАЙЗИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАР МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДА

Қыркүйек айының басында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Малайзияның University Sains Malaysia және Sultan Idris Education University-дің физик-ғалымдары келді. Университет базасында  Nur Nabihah Binti Yusof және Muhammad Noorazlan Bin Abd Azis доктарлары  күнбағыс тұқымдарынан концентрацияланған ұнтақ жасау бойынша жұмыстар жүргізуде. Мұндай ұнтаұты көптеген салаларда қолдануға болады. Соның ішінде медицинада және экологиялық тіс пастасын өндіруде пайдаланыла алады.

 

Сонымен қатар, серіктестік аясында ғылыми қызметкерлер «Физика», «Ядролық физика және атом энергетикасы», «Қолданбалы физика, наноматериалдар және инновация» білім беру бағдарламаларының магистранттарына, докторанттарына, оқытушыларына мен студенттеріне дәрістер өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, профессорлар материалтану саласындағы жоғары білікті мамандар. Әрқайсысының ғылыми-зерттеу жұмысының өтілі 10 жылдан асады. Nur Nabihah Binti Yusof-тың Хирш индексі 10, ал Muhammad Noorazlan Bin Abd Azis-тің индексі 18-ге тең.

 

Шетелдік ғалымдардың айтуынша, оларды ШҚУ-да жылы шыраймен қарсы алды. Қонақтар университет өкілдерінің достығы мен қонақжайлылығын жоғары бағалады.