18 сентября 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ҰҚК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Студенттердің жұмысқа орналасу үрдісін түсіндіру мақсатында  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлау және қарсы барлау бөлімшелерінің ардагерлерімен және қызметкерлерімен ақпараттық кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Халықаралық қатынастар», «Саясаттану», «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері ұйымның өкілдеріне сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Талқылау сыртқы саясат, саясаттану, бос жұмыс орындары  мен үміткерлерге қойылатын талаптар жөнінде өтті. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің зейнеткерлері өз кәсіби тәжірибелеріне сүйене отырып, кеңестерімен бөлісті.

 

— Бүгінгі кездесу студенттерді кәсіби бағдарлаумен қатар, жастардың патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған. Күрделі геосаяси жағдайларда әр азамат өз үлесін қосып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби дағдыларын дамытып, қызмет етуге ынталануы керек, — деді Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Лаззат Жаманбаева.

 

Студенттердің айтуынша, ұйымдастырылған кездесудің арқасында олар өз мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпіліс алды.