19 сентября 2024


АВТОРЛЫҚ КУӘЛІКТЕРДІ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен  «Зияткерлік қызмет объектілеріне авторлық куәліктерді жасау мен рәсімдеу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.  Негізгі мақсат — авторлық құқықты алу үшін өтінім беру дағдыларын меңгеру.

Семинарда академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов сарапшы ретінде сөз сөйледі.

Қатысушылар онлайн өтінім беру механизмдері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ өтінім беру үдерісінде кездесетін қиындықтарды талқылады.

Оқытушылардың айтуынша, бұл тақырып қазіргі уақытта өзекті, себебі авторлық құқықтар олардың кәсіби біліктілігін растайды және академиялық беделін арттыруға ықпал етеді.