20 сентября 2024


ЖОО-ДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

№3 студенттер  үйінде полиция қызметкерлері бірінші курс студенттеріне алаяқтықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы, жол жүру ережесі және жатақханада тұру ережесі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Үлбі полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Зарина Жұмахановнаның айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары құқықбұзушылықтың алдын алу үшін аса қажет.