23 сентября 2024
ШҚУ МАРИАННА ДЯЧУКТІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, құқықтану ғылымдарының кандидаты Марианна Дячукті С.Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы мерейтойымен құттықтады.
Шара барасында сөз сөйлеген ШҚУ-дың бірінші жетекшісі профессордың университет үшін сіңірген еңбегіне алғысын білдірді. Мансап мен отбасы құндылығын тең ұстай білген жан көп жастарға үлгі екенін айтты.
— Марианна Ивановна Дячукті бүгінгі 60 жас мерейтойымен құттықтаймын! Өз саласындағы ғылыми жұмыстары өте көп. Бірнеше дүркін ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі баяндамашы. Құқық саласындағы білікті мамандарды дайындауға бар күшін салып келеді, — деді Бизнес және құқық жоғары мектебі деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Айгүл Асаубаева.
Өнерлі студеттер ән шашу мен заманауи би тарту етті. Ақжарма тілектер мен жылы естеліктер айтылды. Ректор Мұхтар Төлеген бастамасымен университет қызметкерлерін, оқытушылар құрамын және профессорларын мерейтойымен құттықтап, еңбегіне лайықты бағасын беру қолға алынған. Мұнда білім алушылар профессорларды біліп, құрмет көрсетіп жүрсе деген тәрбиелік мән жатыр.
— Университетке көп жыл сіңірген қажырлы еңбегі үшін Марианна Ивановнаға алғыс білдіремін. Оқытушылардың, студенттердің арасында абыройлы, отбасында аяулы жар, ана. Жылдар бойғы тәжірибесінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелдегі әріптестерінің арасында да сыйлы. Марианна Ивановнаға жұмысында кәсіби өсу, отбасына қуаныш, береке тілеймін! – деді стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.
Шара соңында мерейтой иесі университетке сіңірген еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп жатқан ЖОО басшылығына, әріптестеріне бас иіп алғысын білдірді. Бизнес және құқық кафедрасының қауымдасқан профессорына айтылған жылы лебіздер мен табысталған әдемі гүл шоқтары толастамады. Бизнес және құқық кафедрасының оқытушылары қазақы дәстүр бойынша мерейтой иесі Марианна Дячукке шапан жапты.