25 сентября 2024


ШҚУ-ДА ОҚЫТУШЫЛАР ҮШІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ

2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 18 қазаны аралығында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында ҚР Білім Министрлігінің орта білім комитетімен келісілген «Музыкалық білім берудің өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша мектептер мен колледждердің оқытушыларына арналған қашықтықтан оқыту курсы өтеді.

Курстың мақсаты-тыңдаушыларды музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерімен таныстыру. Курс дәріскерлері: мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Марина Мужчиль, сениор-лекторлар Юрий Ананьев және Татьяна Шаймарданова.

Айта кетейік, курс Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын қоса алғанда, түрлі өңірлерден келген 20 тыңдаушыға арналған. Аталған курстың  ұзақтығы-135 сағат.