26 сентября 2024


ГЕНУИ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІК

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Италияның Генуи университетімен серіктестік, ынтымақтастық негізінде кездесу өтті. Шара барысында ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген Италияның Генуи университетінде академиялық ұтқырлықпен оқыту барысын пысықтап, студенттерге жасалатын мүмкіндіктерді нақтылады.

Италия еліндегі Оңтүстік Лационың Кассино университетінен Алессандро Фигус және Генуи универистетінен Гвидо Аморетти С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың профессор-оқытушылық құрамымен және шет тілі білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесті.

Жақында Генуи универистетінің академиялық сенаты ресми түрде С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Туризм» білім беру бағдарламасының магистранттары 2025 жылдың күзінен бастап қос дипломдық бағдарлама бойынша екі ЖОО-ның диломына ие бола алатынын мәлімдеді.

— Генуи университетінің профессорларымен кездесу барысында маңызды сұрақтар талқыланды. Осы жоғары оқу орнына барып білімімді шыңдап, өзіме берілген мүмкіндікті жақсы пайдаланғым келеді, — деді ШҚУ студенті Феликс Зеленков

Кездесу барысында Италиядан келген қонақтар ШҚУ ректорымен алғашқы кездескен күнді еске алып, жылы жүздесуге қуанышты екендіктерін білдірді. Генуй университеті Италияның ең беделді, ауқымды жоғары оқу орындарының бірі. 500 жылдық тарихы бар университет өңірлердегі оқу орындармен бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

-Кездесу өте қызықты өтті. Болашақта бізге сабақ беретін профессорлармен жақын таныстық. Олар С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен бірге жұмыс істеуге дайын. Біз Генуи университетінде шетел студенттеріне ыңғайлы жағдай жасалғанын білдік, — деді ШҚУ студенті Жанерке Тоқтасынова.

Шара соңында италиялықтар студенттермен ашық пікір алмасып, өз университеттерінің мүмкіндіктерімен таныстырды. Генуй Университетінің PhD  докторы Гвидо Аморетти С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен серіктестік, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.