2 октября 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Академиялық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте жазғы емтихан сессиясының және жазғы семестрдің нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылындағы педагогикалық білім беру бағдарламаларының түлектеріне арналған ҚКП бойынша тестілеу нәтижелері қаралды.

 

Отырыс барысында бакалавриат пен магистратураның 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын оңтайландыру мәселелері, сондай-ақ студенттер үшін кәсіби тәжірибені ұйымдастыру жоспарлары мен әлеуеті талқыланды. Академиялық кеңес университеттің оқытушық құрамының оқу-әдістемелік еңбектерін жариялауға ұсынды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша барлық қарастырылған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берілді. Айта кетейік, бұл білім беру процесінің сапасын арттыруға және студенттердің дайындығын жақсартуға мүмкіндік береді.