4 октября 2024


«ДАРЫН» ОРТАЛЫҒЫ МЕН ШҚУ СЕРІКТЕСТІГІ ЖӨНІНДЕ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 «Абай облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК және «С.Аманжолов атындағы ШҚУ» арасындағы серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты — Абай облысының оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын қолдау және білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету және мамандарды даярлау сапасын жақсарту.

— Меморандум бұл жай ғана формальділік емес, оқушыларымыздың әлеуетін көтеруге бағытталған нақты қадам. Біз С.Аманжолов атындағы ШҚУ-мен серіктестік жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Бірлескен жұмыс тек білім деңгейін көтеріп қана қоймай, әлемдік бәсекеге қабілетті жастарды дайындауға жол ашады, — деді «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» директорының орынбасары Мейрамгүл Жанаспаева.

Сондай-ақ, тараптардың ынтымақтастығы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың зерттеулері мен әзірлемелеріне жетекшілік етіп қолдауды жүзеге асырады.