4 октября 2024


ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУДЕ

Amanzholov University-ге академиялық ұтқырлық бағдарламасымен келген шетелдік студенттер қазан айынан бастап қазақ тілін үйренуді бастады. Олар мемлекеттік тілді меңгеруге бағытталған алғашқы тапсырмалар легін орындап үлгерді.

2024-2025 оқу жылында ШҚУ-ға Тәжікстан, Корея, Венгрия елдерінен келген студенттер өз саласы бойынша білім алып қана қоймай, қазақ тілін де меңгеріп шығуға әзір. Олар мемлекеттік тіл арқылы қазақтың бай мәдениетін, терең тарихын біле түседі.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға білімі мен біліктілігін шыңдауға келген студенттер қазақ тілін үйренуді мәртебе санайтындықтарын жеткізді. Бағдарлама негізінде олар басқа тілдерді де меңгереді. Білім алушыларда унверситет жайлы жағымды пікір қалыптасып, әрі қарай оқуға деген қызығушылықтары артып отыр.

Еске салайық, Оңтүстік Корея, Тәжікстан және Венгрия университеттерімен халықаралық келісімдер аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне Сотим Улугзоде атындағы Тәжікстан халықаралық шет тілдері университетінен 19 студент, Венгрияның Сегед университетінен екі студент және Оңтүстік Кореяның Ұлттық Кенсан университетінен екі студент келді.