11 октября 2024


«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: СӘТТІ ШЕШІМДЕР, ӘДІСТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

ШҚУ-да республикалық комплаенс-қызметіне арналған «Жемқорлыққа қарсы мәдениет: сәтті шешімдер, әдістер мен нәтижелер» атты семинар өтеді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басым бағыты. Осы маңызды міндетті шешуге барлық қазақстандық қоғам тартылып отыр.

Алдағы «Жемқорлыққа қарсы мәдениет: сәтті шешімдер, әдістер мен нәтижелер» республикалық комплаенс-қызметіне арналған семинарда Шығыс Қазақстан облысының жастары арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі таныстырылады және талқыланады.

Семинар ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ұйымдастыруымен өтеді. Спикерлер ретінде ЖОО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі, ғылыми зерттеулері бар ғалымдары мен оқытушылары сөз сөйлейді.

Семинар С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында 2024 жылдың 15 қазанында өтеді.