11 октября 2024


ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІБИ ТАҒЫЛЫМДАМА

Болашақ «500 ғалым» бағдарламасы аясында Түркияның Бурса қаласындағы Улудаг Университетінде филология ғылымдарының докторы, профессор Құсманова Күлжібек «Тілдерді оқытудың әдісі мен әдістемесі» бағыты бойынша және экономика ғылымдарының магистрі сениор — лектор Жапарова Айнагүл «Білім беру саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша тәжірибеден өтуде. Кәсіби тағылымдама тәжірибесі Улудаг университетінің зертеу және қолданбалы орталығында жүргізіледі.