15 октября 2024
PLICKERS БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Сәрсен
Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде оқу-әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастыруымен университет оқытушылары үшін «Plickers
бағдарламасын оқу пәні бойынша қорытынды бағалауда практикалық қолдану»
тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Plickers
бағдарламасын іс жүзіндеқолдануға арналған семинар білім алушыларды қорытынды бағалаудың
инновациялық тәсілдеріне қызығушылық танытатын әртүрлі пәндердің мұғалімдерін жинады.
Іс-шараның мақсаты қатысушыларды Plickers мүмкіндіктерімен таныстыру және оның оқу
процесіне тиімді енгізілуін талқылау болды.
Іс-шараның
спикері физика және технологиялар кафедрасының сениор-лекторы Гүлбаршын
Иманжанова. Семинар интерактивті презентация форматында ұйымдастырылды,онда
қатысушылар тыңдауға ғана емес, сонымен қатар талқылауларға белсенді қатысуға мүмкіндік
алды. Бағдарлама Plickers-тің негізгі функцияларын қарастыратын теориялық бөлімнен
және бағдарламамен жұмыс істеуді көрсететін практикалық бөлімнен тұрды.
Семинардың
негізгі қорытындыларының бірі – Plickers бағалау процесін айтарлықтай жеңілдетеді.
Қатысушылар оның интерактивтілігін, нәтижелерді алу жылдамдығын, қолданудағы икемділігін
атап өтті.
Семинар
Plickers-ті білім беруде қолдану туралы тәжірибе мен пікір алмасудың маңызды
алаңына айналды. Қатысушылар осы құралды өз тәжірибелеріне енгізу үшін нақты
идеялар мен стратегиялармен тарады. Қорытындылай келе, Plickers қорытынды
бағалаудың тиімділігін арттырудың және оқушыларды оқу процесіне тартудың
перспективалы құралы деп айтуға болады.
Іс-шара
соңында семинарға қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерге мазмұнды, пайдалы
және тәжірибеге бағдарланған ақпарат үшін алғыс білдірді.