17 октября 2024


ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА БАҒДАРЛАМАСЫ – 2025

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың бакалавриат, магистратура, интернатура студенттері және қызметтегі ғылыми қызметкерлер әлемнің жетекші зертханаларында жазғы ғылыми тағылымдамадан өту грантын жеңіп алу үшін академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұсынған байқауға қатыса алады. 

Байқау жаратылыстану, техникалық ғылым саласының қызметкерлеріне шетелдің жетекші университеттерінде PhD бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстандағы ғылымды дамытқысы келетіндер де қатыса алады. 

Байқауға «Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбындағы эссе, ғылыми еңбектері, болашақта жүзеге асырғысы келетін ғылыми жобалары үшін қандай әрекет жасау керектігі, диплом, оқу үлгерімі көрсетілген транскрипт, түйіндеме өткізу қажет.

Қосымша талап етілетін құжаттар: ғылыми сертификаттар, әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар, жарияланымдар, Ғылыми жетекшіден, проректордан немесе университет ректорынан ұсыныс хат.


Шетелдің көшбасшы ғылыми зертханасында тағылымдамадан өту мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Ойға алған ғылыми зерттеулерді іс жүзінде асыруға ұмтылыңыз! 90 күн бойы ғылыми біліктілігіңізді арттыру үшін 2024 жылдың 7 қазаны мен 12 қарашасы аралығында қордың сайтында өтінім қалдырып, құжаттарды тапсыру қажет.

 https://yessenovfoundation.org/ru/