21 октября 2024
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ XVI ОЛИМПИАДА ӨТТІ
С.Аманжолов
атындағы ШҚУ-да «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы аясында пәндік
XVI республикалық студенттер арасында олимпиада өтті. Байқауды Қазақ, орыс
филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.
Білім бәйгесіне
Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан 14 команда қатысты.
Олимпиада
қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Батыс Қазақстанның
М.Өтемісов атындағы университеті иеленді. Жекелей сынақта осы команданың
студенті Асият Шарапутынова топ жарды.
— Мен бірінші орын
алғаныма қуаныштымын. Бұл менің ғана жеңісім емес, осы байқау бойы қолдау
білдірген оқытушылардың еңбегі. Олимпиада өз білімімізді тексеру үшін ғана
емес, басқа жоғары оқу орындарының дарынды студенттерімен танысуға үлкен
мүмкіндік болды. Жоғары деңгейде ұйымдастырған Amanzholov University-ға рахмет. Республикалық олимпиада енді біздің
университетте өтетініне қуаныштымын, — деді Асият Шарапутынова.
Айта кетейік,
жекелей және командалық есептен бөлек, Семей қаласының Шәкәрім университетінің
командасы «Шығармашылық байқауда» бірінші орын алды. Жеңімпаздар 35 000 теңгеден
50 000 теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен және грамоталармен
марапатталды.
Еске салайық, 2023
жылы Павлодар қаласында өткен XV Республикалық олимпиада жеңімпазы С.Аманжолов
атындағы ШҚУ командасының мүшесі Абдрахманова Карина Александровна (төртінші
курс) болды. Ващилова Анастасия
Сергеевна (төртінші курс), Вернер Дмитрий Юрьевич (үшінші курс) – олимпиаданы
қабылдаушы ЖОО-ның конкурстан тыс командасы ретінде қатысты.