25 октября 2024


ИТАЛИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Италиядағы стратегиялық серіктесі ЖОО ұжымына Республика күнімен құттықтау хатын жолдады.

Құттықтау хатта Италия Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын, екі ел арасындағы және екі университет арасындағы серіктестік пен достық қарым-қатынасты құрметтейтіні жазылған. Профессор Алессандро Фигус Қазақстан Республикасы күнімен құттықтау ізгі тілегімен қатар екі тарап арасындағы білім мен ғылым саласындағы инвестицияны арттыру мүмкіндіктерін қарастыратынын және екі жақты дамуды көздейтіндіктерін жазған.

Еске салайық, Кассино және Оңтүстік Лацио университеттері С.Аманжолов университетімен бес жылдан бері серіктес. Екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестік академиялық алмасу аясында жүреді. Сондай-ақ, «Спорт менеджменті» және «Жаһандық экономика» білім беру бағдарламалары бойынша қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылуда.