31 октября 2024


КОЛЛЕДЖДЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ: КӘСІБИ ӨСУДІ АРТТЫРУҒА ҚАДАМ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ләйлә Байжұманова, Мансап орталығының жетекшісі Жаннель Болатова Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің бітіруші курс студенттерімен кездесті.

Шара мақсаты – студенттерге алған білімдері мен тәжірибелерін университет қабырғасында жалғастыра алатындықтарын жеткізу. Білім алушыларға дайындалу бағыттары, қажетті құжаттар тізімі, оқуға түсу ережесі мен шарттары таныстырылды. Білімін тереңдеткісі келген студенттер бакавалр мен магистратура білім беру бағдарламаларына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, университет өкілдері кәсіби өсу және мансапты арттыру үшін білімді жалғасытрудың маңызын айтты. Қос дипломды табыстайтын серіктес бағдарламлар жөнінде және үздік шетел университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық жайында ақпарат берді.

Кеш соңында студенттер оқуға түсу, студенттік өмір мен тәжірибе алу мүмкіндіктері жайлы сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.