31 октября 2024


ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің әдістемелік семинарлар циклі шеңберінде «Оқу-тәрбие процесінде интерактивті әдістерді пайдаланудың педагогикалық негізі» тақырыбында мазмұнды және ақпараттық оқыту семинары өтті.

Спикер пед.ғ.к, педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қарлығаш Касентаева қатысушылармен оқушылардың ынтасы мен белсенділігін арттыру үшін интерактивті тәсілдердің маңыздылығын талқылады. Бұл әдістер белсенді оқуға және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді. Рөлдік ойындар, миға шабуыл және кейс-әдістер сияқты интерактивті әдістердің панорамасы ұсынылды. Қатысушылар оқу процесінде оларды қолданудың практикалық дағдыларын үйренді.  

Сондай-ақ, «Bilim Media Group», «Darynlline», «Оpiq» платформасы, Moodle және сол сияқты ҚР ҒЖБМ және ҚР ОАМ мақұлдаған электрондық ресурстарды пайдалана отырып, жұмысты жеңілдету және тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша сабақтарды жоспарлау және оқу нәтижелерін бағалау стратегияларын қоса алғанда, интерактивті әдістерді енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылар семинардың форматы мен мазмұнын жоғары бағалап, оның кәсіби өсу үшін практикалық бағыты мен құндылығын атап өтті.