6 ноября 2024


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар бес негізгі мәселені талқылады.

2024 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылды.

— Бала күтімі бойынша демалыста жүрген, шетелге кеткен, әскер қатарына шақырылған, магистратурада оқуын жалғастырған түлектерді ескере отырып, жұмысқа орналасу пайызы 92,2% құрайды, — деп атап өтті стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.

Жиын соңында университет ректоры Мұхтар Төлеген ұжымның тиімді жұмысын атап өтіп, білім сапасын одан әрі жетілдіру шараларын күшейтуге шақырды.