13 ноября 2024


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Аударма ісі» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттері Халықаралық бейнероликтер байқауында құрметті бірінші орынды иеленді. Жыл сайынғы ауқымды шараны Н.И.Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университеті ұйымдастырды. 2024 жылдың тақырыбы «Жасанды интеллект заманындағы университет» болды. Байқауға Ресей, Беларусь, Қазақстан және басқа да мемлекеттердің ЖОО-лары қатысты.

Байқауға барлығы 38 бейнеролик түскен, ұйымдастырушылар оның сегізін ғана таңдап алды. Ұсынылған жұмыстардың идеясының ерекшелігі, мазмұны, материалды ұсыну және көркемдік шеберлік, кадрдегі ағылшын тілінің деңгейі бағаланды. Әр бейнероликті көрген соң қатысушылар өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Оқытушылардан құралған әділқазы алқалары идеяның даралығына, сапалы түсірілімге жоғары баға берді.

Әділ қазылардың шешімімен жеңімпаз альма-матердің студенттері атанды.