14 ноября 2024


ЖОО-ДА ОБЛЫСТЫҚ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

ШҚУ-да шақырылған сарапшылармен кезекті тәжірибелік сабақ өтті. Бұл жолы ШҚО көлік прокуратурасының қызметкерлері «Құқықтану», «Сот және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының білім алушыларына дәріс оқыды. Спикерлер Қазақстандағы прокурорлық қадағалау мәселелерін түсіндірді. Студенттердің айтуынша, дәріс мазмұнды және ақпаратқа толы болды.