20 ноября 2024


КҮШ БІРЛІКТЕ: ШЫҒЫСТАҒЫ ІРІ ОҚУ ОРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛАЙ НЫҒАЙТУДА

Дүние жүзіндегі жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен өзара байланысты нығайту — ШҚО-дағы ең ірі ЖОО-ның басым міндеттерінің бірі. Бүгінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім және ғылым саласында 200-ден астам серіктестік келісімшарттарға ие.

Осы бағытты нығайту мақсатында қазақстандық ЖОО делегациясы Қырғызстанда өткен Орталық Азиядағы ЖОО ректорлар форуыман қатысты. Басты мақсат – өңірлік серіктестікті нығайту.

ШҚУ өкілдері жұмыс сапары барысында бауырлас елдің жоғары оқу орындарын аралады. Атап айтқанда, И.Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетін және 40 мыңға жуық студент білім алатын ірі Ош мемлекеттік университетіне барды. Шығыс Қазақстаннан келген қонақтарға факультеттердің қызметі, материалдық-техникалық базасы және студенттік кампустарда тұру шарттары таныстырылды.

— Ош мемлекеттік университімен бірнеше келісімдерге келдік. Енді бұл мемлекет біздің академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыратын сенімді серіктестеріміз. Алдағы уақытта ШҚУ студенттері мен оқытушылары Қырғызстанның танымал университеттерінде біліктіліктерін арттырып, іс-тәжірибеден өте алады. Сонымен қатар, біз екі мемлекеттің де дамуына ықпал ететін бірлескен ғылыми жобалар әзірлейміз, — деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ұзақ жылдар бойғы серіктестерінің қатарын И.Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті толықтырды. Ректорлар арасындағы меморандум Ұлттық және халықаралық рейтингтерде өзара қолдауды,студенттер мен оқытушыларды алмасуды, сондай-ақ белсенді ғылыми-зерттеу қызметтерін қолдайды деп көзделуде.