20 ноября 2024


«ТІЛ — ДОСТЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ ДӘСТҮЛІ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен «Professional Upgrading» мансап орталығының ұйымдастыруымен  Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептеріндегі өзге ұлт өкілдері оқушылары арасында «Тіл — достықтың кепілі» атты дәстүлі пәндік олимпиада өткізеді.

          Олимпиада  2024 жылы 6 желтоқсанда төмендегі Ережелерге сәйкес өткізіледі:

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиадаға қала мектептері, лицей, гимназиялардың өзге ұлт өкілдері (қазақ ұлтынан басқа) оқушылары қатыса алады (10-11 сынып оқушылары).

Олимпиада  шарттары:

Олимпиадаға әр мектептің 10-11 сыныбынан бір оқушыдан қатыса алады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңнің тапсырмасы:

Тест сұрақтары: лексика-грамматикалық тапсырмалар. (Әр сұрақтың жауабы – 1 балл);  

Бірінші кезең бойынша – 25 ұпай

Екінші кезеңнің тапсырмасы:

Берілген тақырыптар бойынша монолог құрастыру. (Монолог көлемі 15 cөйлемнен аспауы керек).

1.Туған өлкем

2.Менің ұстазым

3.Мен ұнататын (жақсы көретін) пән

4.Менің сүйікті мейрамым

5.Салауатты өмір салты

6.Маған ұнайтын спорт түрі

  1. Болашақ мамандығым

8.Менің сүйікті кітабым

9.Менің күн тәртібім

  1. Білімді ұрпақ – жарқын болашақ

11.Жеті жұрттың тілін біл

12.Менің Отаным- Қазақстан

13.Ел астанасы -Астана

14.Қазақстанның көрікті жерлері (қорықтар, табиғи парктер т.б.)

15.Қазақстанның мәдени мұралары (ескерткіштер, кесенелер т.б.)

  1. Салт-дәстүр таусылмайтын байлығым (бір салт-дәстүрге толық тоқталу)
  2. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары (ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойын, ұлттық аспап
  3. Қазақ халқы – қонақжай халық
  4. Тарихи тұлғалар (ШҚО бойынша)

20.Интернет және әлеуметтік желі

Монолог құрастыру төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

а) Монологтың мазмұнын аша білуі – 10ұпай

б) Құрастырған монолог мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алуы – 10 ұпай.

Екінші кезең бойынша – 20 ұпай

Бірінші және екінші кезеңдердің қорытындысы бойынша барлығы45 ұпай.

Олимпиада 6 желтоқсанда 2024 жылы өтеді. Олимпиадаға тіркеу 8.30-9.00

Басталуы: сағат 9.00. №9 оқу ғимараты, 309 дәрісхана.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 72, 306 кабинет – қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы, байланыс тел.:

25-23-07; 87776582746

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ТӨМЕНДЕГІ КЕСТЕ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛДЫҢ 4 желтоқсанына ДЕЙІН МЫНА ЭЛЕКТРОНДЫ ПОЧТАҒА ЖІБЕРУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ:

maira.ibraeva@mail.ru

КЕСТЕ

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мектеп нөмірі

Қазақтілі пәні мұғалімінің аты-жөні, байланыс телефоны толығымен көрсетілуі қажет

1

 

 

 

 

2