20 ноября 2024


ШҚУ ӨКІЛДЕРІ ӨҢІРЛІК ПЕДАГОГТЕР ФОРУМЫНДА

Amanzholov University өкілдері Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Педагогикалық шеберлік орталығының ШҚО ББ-мен бірлесіп ұйымдастырған ІІІ ШҚО-ның жас педагогтеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» өңірлік форумына қатысты.

Форумда ШҚУ-дың физика және технология кафедрасының профессоры Досым Ерболатұлы өзінің тәжірибесімен бөлісіп және жас педагогтерді ғылыммен айналысуға, білім процессін жақсарту үшін жаңа идеялар іздеуге шабыттандырды.

Шара барысында «Dana bala» Үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова университеттің білім беру мекемелерімен серіктестігін және «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттер орталығы» жобасы шеңберінде педагогтерді қолдаудың маңыздылығы туралы айтты.

Форум бағдарламасының маңызды бөлігі ШҚУ психология және коррекциялық педагогикасының оқытушылары Юлия Кукина және Қымбат Қанапиянова өткізген «Шамасы, мен» трансформациялық ойыны болды. Бұл ойын кәсіби бағдарларды анықтауға бағытталған.

— Күлфарида Раисоваға Форумды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз және педагогикалық кадрлерді дайындаудағы серіктестігіміз өсе берсін, — деді Алима Алипова.

Айта кетейік, форумға ШҚО-ның білім беру ұйымдарынан 140 жас педагог қатысты.