21 ноября 2024
ТӘЖІРИБЕЛЕР ТОҒЫСҚАН ИНТЕРАКТИВТІ АЛАҢ
Сәрсен Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Дефектология» мамандығының ашылғанына
20 жыл толуына орай «Әртүрліліктің құндылығы: білім беруде және қоғамда» Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның екінші күні ашық интерактивті алаң шеберлік
сыныптарымен жалғасты.
Ауқымды шараға ШҚО
білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтын дән» арнайы
балабақшасы, «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы, Облыстық
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мекемесінің, «Ерекше білім
беру қажеттіліктері бар балаларға арналаған оңалту орталығының, Ана мен бала
орталығы және Өскемен қаласының орта мектептеріндегі дефектолог, логопед, сурдопедагог
мамандары қатысты.
Ұйымдастырушылар
ашық интерактивті алаң студенттерге, жас мамандарға және әріптестерге білім мен
тәжірибе алмасуда маңызға ие екенін атап өтті. Тәжірибе алаңында мектепке
дейінгі балаларды дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, нейрогимнастикалық
жаттығулар, бейімдік дене шынықтыру арқылы балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу,
ақыл-ойы артта қалған балаларды ойын арқылы оқу процесіне тарту мәселелері
көтерілді.
—
Бүгінгі
интерактивті алаңда мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларда сандық
идеяларды қалыптастыру кезеңдері, санау әрекеттерін қалыптастыру, сан ұғымын
меңгеруге арналған әдіс-тәсілдер көрсеттім. Баланың санау әрекеттерін
қалыптастыруға көмектесетін, өзім тәжірибемде қолданып жүрген нәтижелі
әдіс-тәсілдерімді ұсындым, — деді «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға
арналған оңалту орталығының» дефектолог-мұғалімі Гүлнар Сыздықова.
Білікті
мамандардың әдістерді тәжірибе жүзінде көрсетуі арқылы келушілер теориялық
аспектілерді ғана емес, олардың тәжірибеде қалай жұмыс істейтінін көре алды.
Болашақ дефектолог, логопед мамандар білікті кәсіби мамандарының
шеберлік-сағаттарына қатысып, инклюзия саласындағы замануи әдіс-тәсілдерді
меңгерді.
«Дефектология»
мамандығының ашылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара – жас
мамандарға және студенттерге жоғары деңгейдегі тәжірибелі мамандармен тілдесіп,
тәжірибедегі кеңестерін тыңдай алады.
Мұндай шаралар жас мамандарға жаңа нәрсені үйреніп, кәсіби мамандардың
ізімен жүруге шабыттандырады.