21 ноября 2024


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДА

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар білім беру нысандарының қызметімен танысты. Соның бірі – облыстағы білім беру мекемелерінің тәжірибесіне инклюзияны белсенді енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатқан С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасындағы «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы. Мамандар әріптестеріне консультативтік-ақпараттық қолдау көрсетеді, сонымен қатар дуальді оқыту мүмкіндіктерін жүзеге асырады – орталықта оқуды бітіргеннен кейін ерекше балалармен жұмыс істейтін ЖОО студенттері жұмыс істейді.

Ұтымды тұсы, бұл орталықта балалардың әлеуметтік бейімделуіне үлкен мән беріледі. Орталықтағы жұмысты аяқтағаннан кейін олар қоғамда өмір сүруге, араласуға дайын болып шығады. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры Светлана Стельмах жоспар бойынша орталық балалармен «оқыту – түзету – әлеуметтендіру» сызбасы бойынша кешенді жұмыс жүргізілетін мектепке айналуы тиіс деп атап өтті. Болашақта ерекше балалардың ата-аналарын да көмекші, әлеуметтік педагог болатындай оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар, университет балаларды ерте жастан оқытатын эргопедагогтардың екінші толқынын дайындап жатыр.

«Егер біз баламен басынан бастап жұмыс істей алсақ, онда олар қоршаған ортаны оған немесе оның жағдайына сәйкес келтіруді қажет етпей-ақ сәтті инклюзия және бейімделу мүмкіндігін ала алады. Қазір біз балаларды толықтай әлеуметтендіріп жатырмыз, бірақ бұл жұмыс неғұрлым ерте басталса, соғұрлым табысты болады», — деп атап өтті Светлана Стельмах.

 

Дереккөз: https://sozmedia.kz/54989/