25 ноября 2024
ШҚУ-ДА ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ
Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетімен келісілген ««Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің кәсіби іс-әрекеті және оның заманауилық аспектісі» бағдарламасы бойынша тәрбиешілерге арналған қашықтықтан оқыту курсы өтті.
Курстың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балаларды арнайы ұйымдастырылған дамытушы ортадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби іс-әрекеттерінің деңгейін арттыру, шеберлікті жетілдіру және кәсіптік стандарт талаптарына сәйкес тәрбиешінің кәсіби іс-әрекетіне қажетті құзыреттерді дамыту үшін жағдай жасау.
Курс дәріскері: Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. Атыманова Каргаш Жолжаксиновна
Шығыс Қазақстан облысының әр ауданынан тыңдаушылар қатысты. Аталған курстың ұзақтығы 72 сағатты құрайды.