25 ноября 2024


ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ

Бизнес және құқық жоғары мектебінің экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының оқытушылары Майнұр Ордабаева, Ләйлә Ахметова, Альмира Сақтаева «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәні аясында экономикалық емес мамандық студенттеріне арнайы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Ринат Ахметұлы Урасаевты дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісуге шақырды.

Дәріс барысында Ринат Ахметұлы келесі негізгі тақырыптарды атап өтті: экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі, бизнесті іске қосудың негізгі кезеңдері, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер мен қиындықтар және т. б.Дәріс студенттерге кәсіпкерлік тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешу, инновация және қоғам үшін құндылық жасау екенін түсінуге мүмкіндік беретін пайдалы ақпаратпен, нақты тәжірибеден алынған мысалдармен және сарапшылардың кеңестерімен толтырылды.

Кездесу соңында студенттер Ринат Ахметұлына сұрақтар қойып, кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін талқылап, болашақ стартаптар үшін практикалық ұсыныстар ала алды. Ринат Ахметұлы студенттерге шағын бизнес пен стартаптар кәсіпкерлік дағдыларды дамыту үшін тамаша бастама бола алатынын атап өтіп, өз идеяларын жүзеге асырудан қорықпауды тіледі. Ол шешім қабылдауда батылдықтың және табысқа жету жолының ажырамас бөлігі болып табылатын қателіктерге дайын болудың маңыздылығын атап өтті.