26 ноября 2024


ШҚУ-ДА ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да талапкерлерге кәсіптік бағдар беру шаралары аясында ұйымдастырылған дәстүрлі орыс тілі, әдебиеті пәндері және журналистика бойынша олимпиада ұйымдастырылды. Екі кезеңнен және бір үй тапсырмасынан тұратын білім сайысына облыс мектептерінің оқушылары қатысты.

Бірінші турда – қатысушыларға берілген тақырыптардың біріне эссе жазу тапсырылды. Екінші айналымға бірінші турдан үздік нәтиже көрсеткендер қатысты. Қатысушылар орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша тапсырмаларды орындап, журналистика бойынша үй тапсырмаларын ұсынды.

Екі турдың қорытындысы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын мектептер санаттарына бөлінген бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Журналистика бойынша мемлекеттік тілде оқытатын мектептер арасында Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің оқушысы Шәкәрім Әлішер бірінші орынды иеленді. Орыс тілі бойынша Ұлан ауданы М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушысы Асылбек Нұртілеу жеңімпаз атанды. Орыс әдебиетінен бірінші орынды Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің оқушысы Каликанова Әдемі иеленді.

орыс тілінде оқытатын мектептер арасында журналистика бойынша №11 лицейден Анна Климошенко бірінші орынды иеленді. Орыс тілі пәнінен химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Елизавета Коркина жеңіске жетті. Орыс әдебиетінен бірінші орынды Меновное орта мектебінің оқушысы Сабина Төлеуғалиева иеленді.

Айта кетейік, болашақ талапкерлер үшін олимпиада өз білімдерін көрсетуге, сондай-ақ хоббиі мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беретін маңызды оқиға болды.