27 ноября 2024


ШҚУ-ДА ҚАЗІРГІ ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Химия кафедрасында «Увалиев оқулары-2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Қазіргі химия ғылымы мен білімінің теориялық және қолданбалы аспектілері» атты №1 секция отырысы өтті. Секция модераторы ф.ғ.к., доцент Гүлжан Әбілқасова болды. Ғылыми шарада студенттер презентациялармен және бейнематериалдармен ғылыми баяндамалар жасады.

Кафедра ғылыми-педагогикалық және өндірістік бағытта жемісті ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Химияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми жетекшілер, доценттер Шайхова Б.Қ., Абылкасова Г.Е., Тантыбаева Б.С., Даутова З.С баяндамалар жасады.

Секциялық отырыс ШҚУ имиджін жақсартуға ықпал ететін ғылым мен білім саласындағы тәжірибемен және жаңа жетістіктермен алмасу мүмкіндігі.