27 ноября 2024
AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДІҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ: ШҚУ РЕКТОРЫ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР МЕН АЛДАҒЫ ПЕРСПЕКТИВАЛАРДЫ АЙТЫП БЕРДІ
Университет 70 жыл бойы жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру
бойынша мамандар даярлаумен айналысып келеді. Ғылым саласындағы, инклюзивті
білім, халықаралық серіктестік, жұмысқа орналасудың жоғары көрсеткіші және «Серпін»
бағдарламасының жүзеге асуы жайлы ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген тұрғындармен және
профессорлық-оқытушылар құрамымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ШҚО
бойынша басқармасымен, Өскемен қаласының прокуратурасының және білім беру
мекемелерінің өкілдерімен есеп беру кездесуі барысында мәлімдеді.
Альма-матердің бірінші жетекшісі биыл 10
жылдығы аталып өтіп жатқан ШҚУ базасындағы «Серпін» бағдарламасының жүзеге асу
барысына тоқталды. Мұхтар Әділбекұлының сөзінше, ШҚУ «Серпін» бағдарламасының
түлектерін жұмыспен қамту бойынша Қазақстандағы 18 университеттің ішінде
көшбасшы. Бүгінде бұл көрсеткіш 98 %-ті құрайды.
— 340-тан астам түлек ШҚО-да қалып,
кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарында жұмыс істеуде. Олардың көбі отбасын
құрып, біздің мамандар мен оқытушылардың кәсіби қолдауының арқасында қоғамға
бейімделіп кетті. Мемлекеттік бағдарламаның алға қойған мақсаты да осы – жастарды
жұмысқа орналастырып, өңірдегі кадр тапшылығын болдырмау, — деді ректор.
Инклюзивті білім беру тақырыбы Үкімет пен
халық арасында бірінші жыл көтеріліп отырған жоқ. Себебі, Қазақстанда ерекше
білім беруді қажет ететін балалардың саны және арнайы білім беру мекемелері мен
мамандар жеткіліксіздігі күрт өсіп отыр. С.Аманжолов атындағы ШҚУ – Шығыстағы инклюзия
білімін дамытқан алғашқы жоғары оқу орын. Бұл жоба ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларға арналған авторлық әдістемелік құралдар,
құрастырғыштар, дефектологтың кәсіби үстелі, вертикализаторлар, тірек-қимыл
аппараты бұзылған балаларға арналған парталар және басқа да техникалық
құралдарды әзірлеуді қамтиды. Орталықта «Эргопедагогика», «Ерте қолдау
педагогикасы» бірегей білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби мамандар
дайындалады. Сонымен қатар, жыл сайын дефектолог, логопед, психолог мамандар
елдегі және облыстағы инклюзия білім беру саласындағы кадрлер базасын
толықтыруда.
Еске салайық, Ел Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.
Университет Шығыс Қазақстан бойынша форсайт-зерттеулер жүргізіп, еңбек
нарығындағы қажеттіліктер мен жұмыс берушілердің жаңа білім беру
бағдарламаларын әзірлеуге сұраныстарын анықтауда. Соңғы үш жылда 45-тен астам
жаңа білім беру бағдарламасы мен Жоғары колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша
бірқатар техникалық бағдарламалар ашылды.
Қазақстанның әлемдік аренадағы беделіне
саясат, экономика, медицина, ғылым, спорт және білім сынды көптеген факторлар
әсер етеді. Атап айтқанда, елдегі жоғары мектептер әлемдегі жетекші оқу орындармен
белсенді серіктестік байланыста. Көп бағытта мамандар даярлайтын С.Аманжолов
атындағы ШҚУ дүние жүзіндегі 200-ден астам беделді университеттерімен серіктес.
— Бүгінде біз алыс-жақын шетелдегі
жоғары оқу орындармен серіктестікке баса назар аударамыз. Шетелдің тәжірибесімен
алмасатын халықаралық хабды Шығыс Қазақстанда құру – басым бағыттардың бірі. Биылғы
жылы қытайлық HAIER HAITECH компаниясымен жасанды интеллект «Smart library»
және «AI Smart classroom» қолдану жобаларын жүзеге асыру бойынша меморандумға
қол қойылды. Университет қос дипломдық 12 білім беру бағдарламасын жүзеге
асырады. Соның ішінде итальяндық университеттермен – Генуя университеті, Касино
университеті және Оңтүстік Лацио университеттерімен «Жаһандық экономика» және
«Туризм» салаларында қос дипломдық бағдарлама жүзеге асуда, — деді Мұхтар Әділбекұлы.
Альма-матер академиялық ұтқырлық бағдарламасының
жүзеге асуы нәтижесінде елді шетелдік азаматтардың арасында танымалдылығын
арттыруда.
ШҚУ-да Әзірбайжан, Өзбекстан, ҚХР,
Ресей, Германия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Венгрия және
Оңтүстік Корея елдерінен 146 шетелдік студент білім алуда. Олар қазақ ұлттық
асханасынан дәм татып, Қазақстанның әнұранын гитарада орындап, Наурыз мейрамын
ұйымдастыруға қатысып және қазақ тілін тілін үйренуге зор ықылас танытуда.
Өңірлік жоғары оқу орын отандық ғылымның
дамуына да үлес қосады.
Мұнда өзекті жаһандық проблема – сапасыз
тұщы су мәселесін шешуге бағытталған су айдындарын тазартуға арналған сүзгі
материалдарын шығарудың өзіндік жобасы жүзеге асырылуда.
Ауыл шаруашылығы саласы да назардан тыс
қалған жоқ. Бұл университеттің жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында
Қазақстандағы агроценоздардың су режиміне мониторинг және болжау жүргізіп
отырған бірінші жыл емес. Айтпақшы, 2023-2024 жылдары жоғары мектеп 1 миллиард
теңгеден астам ғылыми жобаларды қаржыландыруды ұтып алды.
— Сонымен қатар, бүгінде Ош мемлекеттік университетімен және И.Раззаков
атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп биотехнология,
өнеркәсіптік қауіпсіздік, сутегі энергетикасы, геоинформатика және т.б.
салаларда коммерцияландыру жобаларын әзірлеудеміз. Бұл бауырлас елмен ғылыми
жетістіктерге деген жаңа серпін болмақ, — деп түйіндеді Мұхтар Төлеген.