28 ноября 2024


ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Увалиев оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы – мамандарды кәсіби даярлаудың табысты ортасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына оқу және өндірістік мекемелердің өкілдері, қала мектептерінің мұғалімдері, ҰБТКП ғылыми қызметкерлері, химия кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, IT және экономика жоғары мектебінің деканы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Шара барысында сегіз спикер өзекті тақырыптарды көтерді. Атап айтқанда, гибридті оқытуды мектепте теориядан практикаға енгізу мәселесі, орта мектепте химияны қазіргі жағдайда оқыту, физикалық-химиялық талдау жүргізуге кететін шығынды азайту жолдары, янтарлы қышқылмен және диметилсукцинатпен мыс кешендерінің синтезі мен сипаттамасы, графен оксидіне негізделген инновация және т.б.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасудың үлкен пайдасы барын және мақсатты, жүйелі жұмыс отандық білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарларына қол жеткізуге және еліміздің зияткерлік және өндірістік әлеуетін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.