29 ноября 2024
СТАНИСЛАВ ЧЕРНЫХТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы “Мемлекеттік архив” ММ ұйымдастыруымен өлкетанушы, тарихшы, архивист Станислав Черныхтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шығыс қазақстан. Тарих және қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
Станислав Черных Алтай өңірінің тарихи деректерінің түпнұсқада сақталуына, құнды мәліметтердің жинақталуына оразан зор еңбек сіңірген өлкетанушы, мұрағаттану саласының үздігі. Ол Шығыс Қазақстанның мұрағатының кеңеюіне қосқан үлесі үшін және «Ертіс жағасынан» жинағы үшін КСРО ХШЖК қола медалімен марапатталған.
— Станисав Черныхтың өңіріміздегі архив саласына қосқан үлесін студенттерге насихаттау және тарихшылар үшін мұрағаттың атқаратын қызметінің маңызын ашу мақсатында ауқымды шара өтті. Профессорлық-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасып, студенттерге қолданыстағы әдіс-тәсілдерді жеткіздік. Тарихи, мәдени құндылығы бар ақпараттарды әрі қарай жүйелі сақтау еліміз үшін маңызды, — деді да ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы “Мемлекеттік архив” ММ директоры Самат Рахметов.
Бұл ауқымды шара студенттерге туған өлкенің тарихынан сыр шертіп, оның даму кезеңдерінен мол ақпарат береді.
— Тарихшылар кез келген тақырыпты зерттеу барысында мұрағаттағы дерекке сүйенеді. Білімгерлерге архивпен жұмыстың маңыздылығын, мұрағатта сақталған мәліметтермен жұмыс істеудің өзіндік тәсілдері бар екендігі айтылды. Одан бөлек Шығыстың тарихын зерттеуге өлшеусіз үлес қосқан Станислав Черныхтың өмірі мен ғылым жолы жастарды үлгі етілді, — деді Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Калимолдина.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы өкілдері мұрағат тек құжаттарды сақтайтын бөлім емес, тарихи шындық пен білім көзі екенін айтты. Сондай-ақ, тарихшы, жазушы, Шығыс өңірінің патриоты Станислав Черныхтың Шығыс Қазақстанды зерттеген келелі еңбектеріне тоқталды.