2 декабря 2024


СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ: АЛЕКСЕЙ ХЛИСТОВ НАЙЗА ЛАҚТЫРУ ТУРАЛЫ

Жеңіл атлетика спорт ханшайымы деп аталады, ал оның ең керемет бағыттарының бірі — найза лақтыру —спорттың “тақ мұрагері” болып саналады.

«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Алексей Хлистов — осы спорт түрінің жарқын өкілі. Ол республикалық деңгейдегі чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық Гусман Косанов мемориалының күміс жүлдегері, ашық Азия чемпионатының қола жүлдегері және т. б.

-Мен бұл спортқа 15 жасымда келдім. Сол кезде Өскеменде жеңіл атлетикадан облыстық жарыстар өткізіліп, мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Виталий Павлович мені қатысуға шақырды. Мен ол кезде жақсы өнер көрсеттім, сондықтанда мен бірден жаттығуды бастадым. Қазір тәжірибелі спортшы ретінде найза лақтыруда  күш, жылдамдық, ептілік пен қуаттың  үйлесімі мені қызықтырады деп айта аламын. Сонымен бірге бұл спорт түрінде бәрін әсем әрі дәл орындау маңызды,- дейді студент.

Оның айтуынша, оған кәсіби спортта ұзақ уақыт айналысуына жаттықтырушы, КСРО спорт шебері Александр Кругликов көп көмектескен.

– Оның жаттығу әдістемелерінің арқасында әрдайым жаттығуды жіберіп алмауға, жаңа нәрсені үйренуге және деңгейімді көтеруге ұмтыламын. Қазірге дейін онымен жұмыс істеу маған өте қызық. Ең бастысы-бір-бірімізді жақсы түсінеміз, – деп бөліседі спортшы.

Тұрақты және қажырлы жаттығулардан кейін Алексей өзінің алғашқы жарыстарын Алматыда өткізді. Бұл ауқымды шара-Қазақстан чемпионаты еді.

– Алғашқы жарысыма аса жауапкершілікпен қарадым. Біз бірнеше ай дайындалдық және бұл бекер емес еді. Сол кезде жеңімпаз атанып, спорттық мансабымдағы алғашқы маңызды қадамым басталды, – деп еске алады Алексей Хлыстов.

Үлкен спорт өкілдеріне физикалық және эмоционалдық шаршау, ынтаның төмендеуі, тіпті жалқаулық сезімдері таныс. ЩҚУ студентінің айтуынша, бұл қиындықтарды жеңудің тиімді жолдары – дұрыс ұйқы, дәмді тағам және достармен жақсы уақыт өткізу.

– Сонымен қатар өмірде жан-жақты болу өте маңызды. Тек спортқа ғана шоғырлану шаршатуы мүмкін, сондықтан мен үшін жоғары білім алу өте маңызды. Қазір онсыз ешқайда бара алмайсың. Бұл – тұрақтылықтың кепілі. Дәрістер, сабақтар, сессиялар, емтихандар, топтастарыммен араласу – менің өмірімнің міндетті әрі сүйікті бөлігі, – дейді Алексей Хлыстов.