4 декабря 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ШҚО ӘКІМІНЕ СТАРТАП ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

3 желтоқсанда Халықаралық мүгедектер күні аталып өтіледі. Бұл күн мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне назар аударға мүмкіндік береді. Осы орайда Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Шарада ШҚУ-дың «Дефектология» бағдарламасының үшінші курс студенттері Амина Бауыржановна, Диляра Нұрланова, Жұлдыз Жанарбек, Инара Бектұрганова авторлық стартап жобаларын ұсынды. Олардың ғылыми жетекшісі — сениор-лектор Рауан Байчинов. Әкім студенттердің бастамасын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к Мәдина Даулетқанқызы ерекше жандардың өмір сапасын жақсартудағы үлесі үшін Ермек Көшербаевтың қолынан алғыс хат иеленді.