10 декабря 2024


УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Университет басқармасының кезекті отырысында алты маңызды мәселе қаралды. Атап айтқанда, мерекелік іс-шаралар өткізу, 14-16 желтоқсан аралығында және қысқы демалыс кезінде студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, университеттің 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясына университеттің дайындығы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кәсіптік бағдар беру жұмысы мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері таалқыланды.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов педагогикалық бағыттар бойынша бітіруші курс студенттерінің педагогтердің білімін бағалау туралы ҚР ҒЖБМ тапсырмаларының орындалуы туралы хабардар етті.

Жиын соңында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» КММ базасында психология және түзету педагогикасы кафедрасының филиалын ашу мүмкіндігін талқылады.