19 декабря 2024


«ДЕФЕКТОЛОГИЯ» ББ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде  «Дефектология» мамандығының ашылғанына 20 жыл толуына орай «Арнайы педагогика» бойынша аймақтық олимпиада өтті.

Аудан және қала мектептерінің оқушылары «Мен арнайы педагог мамандығын таңдаймын» тақырыбында эссе жазуды көздейтін бірінші кезеңге қатысты. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 14 оқушы екінші кезеңге өтті. Ол күрделі және құрылымдық мәселелерді талдау дағдыларын, қарым-қатынасты тиімді және сенімді түрде орнату қабілеттерін анықтауға бағытталған арнайы жағдаяттық тапсырмалардан тұрды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Алтай қаласының №9 орта мектебінің оқушысы Дильназ Имангазина жеңіп алды, ол «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша университеттік грантты ұтып алды. Бірінші орын иегері-С. Нұрмағанбетов атындағы №4 орта мектебң оқушысы Полина Мелентьева болды. Екінші орынды Алтай қаласындағы №9 орта мектептен Аружан Ереш пен «Шаңырақ» көпсалалы гимназиясының оқушысы Әмина Әбитова алды. Үшінші орын Қ.Дамитов атындағы орта мектептен Шырай Қаныбековаға, №29 қосымша білім беру мектебінен Екатерина Цареваға және №37 көпсалалы орта мектептен Полина Бахтинаға бұйырды.

Барлық жүлдегерлер дипломдармен, ал қатысушылар сертификаттармен марапатталды.